Облыстық №1 Дарын Оңтүстік Қазақстан облысы

Категориялар бөлімі
Мини-чат
Біздің сұрақтар
Cіздің сүйікті мұғаліміңіз?
Барлық жауаптар: 185
Статистика

Онлайндағылар саны: 1
Қонақтар: 1
Пайдаланушылар: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Эссе
« Бар нәрсе жоғалмайды, жоқтан бар пайда болмайды». ( Құранның сөзі).
       Ғылым – бір бәйтерек болса, оның бұтақтары – ғылым салалары.Әрбір ғылым саласы өзіндік даралығымен,саралығымен ерекшеленеді. Сан ғасырлық тарихы бар математика – ғылым атаулының қайнар көзі, бастау бұлағы. Адамзат тарихында математиканың пайда болуына көз жіберсек, талай шындық пен сұмдықтың куәсі боламыз. Бұлай дейтін себебім: сырлы әлемнің есігін айқара ашқан Архимед пен Сократтар ақиқаттың құрбаны болғаны айқын. Реалистік тұжырымды ту етіп, ілім негізін салуға тәуекел еткен қарапайым халық өкілдерінің арман-тілегі аяусыз жаншылып, жойылып отырды. Сырлы сандардың шешімін тауып, тылсым дүниенің құпиясын ашпақ болған талайлардың тағдыры тәлкекке түсті. Дінбасылар, шіркеу адамдары ондайларға үзілді-кесілді қарсы уәж айтып, «дінде тыйым салынған әрекеттерге бас ұрды деп» деп айыптап, қоғамнан аластатып, өмірін қиған. Себебі ілімді игерген адам – басқаға бағынудан бас тартып, жеке тұлға болуды көздейді деп қорыққан. Сондықтан адамзатты құлдық санада ұстап отыру үшін аяусыз әрекеттерге барды. 250 жылға созылған арпалыс нәтижесінде ақиқат әділдік тапты. Күн сайын қарқынды дамыған математика жаңа қырынан танылып, толастай түсті. Алғашында ғылым салалары ешбір бөліске түспей, бір атаның балаларындай болып, тұтас қалпында дамыды. Әл-Фараби, әл-Бируни сияқты ұлы ғұламалар сан алуан ғылым саласын қиындықсыз игерген. «Қандай бір ғылым болсын көңілге дербес, ерекше мағыналы ұғыну арқылы ұялайды» деп Әл-Фараби өзі айтқандай, көп тілді игерудің, сан ғылымды санада сақтаудың математикалық оңай жолы болса керек?! Бірде өрлеу, бірде тоқырауға тап болған қазақ халқының математикалық мәдениетінің тарих тағылымынан алар орны ерекше. Замана толқысынан өтіп, өңі өзгерсе де атадан балаға мұра болып қалған халықтың қарапайым қара есептері – келешек ұрпақ үшін құнды дүние. Бүгінгі күннің ой өрісін де көрсетіп, қысқа орам, иіріммен қайыратын асыл тас. Бұл есептер әр ғасырда өмірге келіп, қазақ аулының тыныс тіршілігін, әл-ауқатын бейнелейді. Осыдан халықтың өз үні, өз лебі, өз тілі сезіледі. Қазақ санаудың әр түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық, пайдаланған. Сондай-ақ, мүшел есебі, пітір есебі, тоғызқұмалақ есебі - өз алдына бөлек әңгіме. Мүшел есебі бойынша, бала он үшке толғанда, балалықтан өтіп, кәмелетке жетеді.Жиырма беске келгенде, ол толысқан азамат болады. Ал отыз жетіге жеткенде, кемелденген, ақыл ойы орныққан толыққанды адам болады. Бұл ғылымда дәлелденген нәрсе. Сондай-ақ үш санының қасиеті неде? Философиялық тұжырымдама бойынша адам туады, өседі, өледі. Яғни, адам өмірі үш кезеңнен тұрады: сәбилік, жастық, кәрілік.Бұл – математикада дәлелденген қағида.Жеті санының сыры неде? Жеті түрлі ғылым дегегіміз – жеті материк. Осыны бабалар білген болса керек. « Математика – адамның табиғатпен, техникамен қарым-қатынас құралы ». Себебі практикалық қолданылымы орасан зор. Күнделікті тіршілігіміз, табиғат заңдарын ашып, оны адам игілігіне жарату, еліміздің экономикасын дамыту – математикалық есептеусіз, математикалық ойлаусыз іске аспайды. Сондықтан математика – табиғаттану ғылымының негізі. Математикасыз басқа ғылымдарды терең меңгеруге болмайды. Лобачевскийдің « Егер математикалық дәлелден өтпесе, онда кез-келген зерттеу жұмысының нәтижесін ақиқат деуге болмайды » деп бұдан 150 жыл бұрын айтқан тұжырымдамасынан оның маңызын көруге болады. Математикада ашылған жаңалықтар – бүкіл өркениеттің жетістігі. Бүгінгі математика - өндіріс құралы. Мәселен, электр қуатын өндіруде, электр желісінің белгілі градуспен, белгілі бағытта, белгілі мөлшерде жұмсалуының өзі математикалық есептеулерді қажет етеді. Математиканың мүмкіндігі шексіз. Мәселен, адам ғарышқа не үшін ұшады? Адамның ғарышқа ұшуы жердің бетін, көптеген планеталарды, жердің қатты қабатын және мұхиттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Мұндай елеулі зерттеулер жер шары туралы, адам мен табиғаттың тұтастығын түсінуге қажетті жаң деректер бере алатыны сөзсіз. Ғарышта түсірілген суреттер, деректер арқылы жер асты қазба байлықтарының орнын, мекенін дәл анықтауға болады. Бұл мемлекеттің экономикасына қыруар пайда әкелетіні анық. Ол үшін де математикалық есептеуден мүлт кетпеу керек. Демек, математика – дәлдік, нақтылық ғылымы.
Категория: Мои статьи | Добавил: AiBeK (12.11.2009)
Просмотров: 2020 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Powered by Kuatbaev Aibek © 2008-2011